Қала соттары 2023 жылдың 9 айын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қалалық сотында 2023 жылдың 9 айын қорытындылауға арналған кеңейтілген Кеңеске жергілікті соттардың төрағалары мен судьялары және Сот әкімшілігінің басшылары қатысты.

Кеңесті қалалық соттың төрағасы Ербол Рахымбеков ашып, баяндама жасау үшін сөзді Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқа төрағасы Бәйдібек Дүйсебековке сөз берді. Содан кейін азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Тамара Смайлова және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлмира Қыдырбаева азаматтық және әкімшілік істер бойынша 2023  жылы сот төрелігін жүзеге асыру барысы туралы баяндама жасады.

Б.Дүйсебеков: «Қала соттарының 9 айдағы жұмысына талдау жасалып, мынадай кемшіліктер анықталды. Біріншіден – істерді созбалаңдыққа салу, екіншіден – қылмыстық істерді заңда көрсетілген мерзімінен асырып қарау. Мысалы, 10 қылмыстық іс 6 айдан аса мерзімде қаралған. Алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеу жөнінде қатаң ескертемін.

Тергеу сотында 2023 жылдың 9 айында күзетпен ұстау жөнінде – 797 санкциялау материалдары түскен, оның 528-і қанағаттандырылған, сәйкесінше 269 өтінішхат бойынша қанағаттандырудан бас тартылған. Өткен жылдың осы кезеңінде – 750 материал түссе, соның 647-сі қанағаттандырылған болатын, ал 101-і қанағаттандырылудан бас тартылса, 2-еуі қараусыз қайтарылған. Демек, көрсеткіштер 20% -ға жақсарған.

Биылдың 9 айында апелляциялық сатыға жалпы 339 қылмыстық іс, 467 іс құжат - УДО ЗМН, 137 материал - ҚПК-нің 106 бабы бойынша, 184  - санкциялау жөнінде іс құжаттар және 285 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс құжаттар түскен.

Өткен 9 айда 326 тұлғаға қатысты сот үкімдері қайта қаралып, 16 тұлғаға қатысты үкім бұзылса, 76 тұлғаға қатысты үкім өзгертілген.

Өз кезегінде сөз алған алқа төрағасының м.а. Тамара Қалиқызы: «2023 жылдың 9 айында Шымкент қаласының аудандық соттарына барлығы 23 380  істер мен арыздар түскен. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 483 іс пен арызға немесе 10,6%-ға көбейгенін көрсетіп отыр. Осы кезеңде қаралып аяқталған істердің саны 17 245 істі құраған, өткен жылмен салыстырғанда 3 863 іске немесе 22,4%-ға артқан. Шымкент қаласының аудандық және оларға теңестірілген соттарында татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істердің саны 34,2%-ды құрап отыр. Есептік кезеңде апелляциялық тәртіпте 1 027 іс бойынша сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігі тексеріліп, соның ішінде 85 шешімнің күші жойылған, 104 шешім өзгертілген. Бұл шешім шығарумен аяқталған істердің 0,9%-ның күші жойылғанын, 1,1%-ы өзгертілгенін, немесе барлығы 2% күші жойылып және өзгертілгендігін көрсетеді. Былтырғы жылдың осы кезеңінде шешім шығарумен аяқталған істер бойынша күші жойылған сот актілері 1,7%, өзгертілгені 1,3%, барлығы 3% құраған. Яғни, істерді қарау сапасы ағымдағы жылы 0,7% жақсарған.

Алайда, шешімдерде талап қоюдың уәждерінің қайталануы, материалдық және процестік құқық нормаларының артық көрсетілуі, сөйлемдердің ұзақ жазылуы әлі де орын алуда. Осыған байланысты әр сот Оқу орталығымен бірлесіп Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысын оқуларын ұйымдастыруы қажет.

Нәтижесінде Ағымдағы жылдың 9 айында судьялар жол берген заң бұзушылықтар мен орын алған қателіктер бойынша 16 ескерту хаттар жолданған» деді.

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Гүлмира Дұрысбекқызы: «Биылғы 9 айда  бірінші сатылы соттың өндірісіне түскен әкімшілік талаптардың саны 1 330 іс болса, өткен жылдан 212 іс қалдық ретінде өткен, жалпы 1 542 істі құраған. 

Бүгінде сотқа түскен әкімшілік талап қоюлардың 780-і кері қайтарылған. Кері қайтарылған талап қоюлардың басым көпшілігі талап қоюшының өз талап арызын кері қайтарып алу туралы арыз түсіруіне, істердің әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауына, сондай-ақ сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартуына байланысты болып отыр.  

Осы 9 айда соттың өндірісіндегі жалпы 1 542 әкімшілік істің қаралып аяқталғаны, кері қайтарылған талап қоюларды қоса есептегенде 1290 істі (83,6 %) құрайды.

Әкімшілік сотта шығарылған 410 шешімнің 153-і (37,3 %) бойынша талап қою толық және ішінара қанағаттандырылған, ал 257-і (62,6%) бойынша талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.

Сонымен қатар, тараптардың татуласу рәсімімен 42, медиация тәртібімен 50, жалпы алғанда 92 әкімшілік іс аяқталған және әкімшілік соттың тарапынан 30 процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылып, ақшалай өндіріп алудың жалпы сомасы 2 415 000 теңгені құраған.

Сот алқасының өндірісіндегі 454 әкімшілік істің 9 айда қаралып аяқталғаны 406 іс.

Алқамен аяқталған істерден бөлек 6 іс АПК-нің талаптарын орындау үшін бірінші сатылы сотқа қараусыз кері қайтарылған. 

Әкімшілік Әділет институтының оң нәтижесін беру мақсатында, судья өзінің қараған әрбір ісі бойынша әкімшілік органның іс-әрекеттерін, актілерін заңсыз деп таныған жағдайда, сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін сот әкімшілік органмен бірлесе отырып, тиісті іс-шараларды жүргізуі тиіс. Биыл жылжымайтын мүлікті заңдастыруға қатысты дау бойынша сотқа түскен бір талап қоюдың нәтижесінде сотта қабылданған шешімнің арқасында,  қаланың 321 тұрғыны осындай мәселелерін сотқа жеткізбей, әкімшілік орган арқылы заңдастырып алды. 

Кеңесті қорытындылай келе төраға Ербол Мұқажанұлы, алдағы уақытта судьяларға жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруды және сот төрелігін сапалы жүзеге асыру мәселесін баса айтты.

 

 

Қайнар: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі