Бс, 19/10/2023 - 12:46


Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшілігінің персоналды басқару бөлімінің (бұдан әрі – кадр қызметі) ұйымдастыруымен қалалық және жергілікті соттардың қызметкерлеріне арналған мәжіліс өтті. Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Құралай Қайыпназарова қатысты.
Мәжілісті Сот әкімшілігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Әкежан Елшібаев ашып, алғашқы сөзді департаменттің өкілі Қ.Қайыпназароваға берді.
Ол өз сөзінде : «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне (Әдеп кодексі) енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндап, барлық мемлекеттiк қызметшiлер моральдық - адамгершiлік бейнесiн және iскерлiк қасиеттерін сақтау қажеттігін айтып жеткізді.
Шара соңында қатысушылардың сұрақтары белсенді талқыланып, толыққанды жауаптар берілді.
Мәжілісті Әкежан Ақылбекұлы қорытып, сот қызметкерлеріне Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау керектігін түсіндіріп өтті.