Пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы О.-ға  қатысты қылмыстық іс жалпы тәртіппен қаралды.

Сот отырысы ашық түрде, сотталушының, қорғаушының, мемлекеттік айыптаушының  қатысуымен жүргізілді.

Тағылған айып:

Сотталушы О. ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігімен /қызметтік өкілеттігіне кіретін пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін айтарлықтай мөлшерде жеке өзі пара алу/ айыпталған.

Істі қарау нәтижесімен анықталғаны:

О. «Қазақстан Республикасы Экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы Комитеті Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, лауазымды адам бола тұра, өзінің қызметтік өкілеттігіне кіретін пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін жеке өзі айтарлықтай мөлшерде пара алу мақсатында, қызметтік кабинетінде куә Т.-дан 300 000 /үш жүз мың/ теңгені «Балықтың қайдан ауланғандығы туралы» анықтаманы бергені үшін алған.

Сотталушының кінәсі немен дәлелденеді

Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.

Тараптардың ұстанымы

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қорғау тарапы сотталушыны кінәсіз деп танып ақтауды сұрады.

Сотталушы айыптау бойынша кінәсын мойындамай, өзін ақтауды сұрады.

Жаза бөлігінде

О. ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғанға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

 

Үкім заңды күшіне енбеді.

Қайнар: 
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі