«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау және алдын-алу профилактикасы» тақырыбында дәріс оқылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Білім – инновация» ер балаларға арналған №1 лицей – интернатында «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықты болдырмау және алдын - алу профилактикасы» тақырыбында семинар өтті.

Іс  шараға Шымкент қаласы сот әкімшілігінің баспасөз қызметінің басшысы Мадина Атаева, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының әкімшісі Қайырбек Абуов, Шымкент қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының әкімшісі Ерік Сихымбаев, Тұран ауданының полиция бөлімінің өкілдері А.Мылтықбай, Қ.Бегімбетов  және «Білім – инновация» ер балаларға арналған №1 лицей – интернатының психолог  маманы С.Бегимкулова қатысып, ұжым мен жоғарғы сынып оқушыларына «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту, мектептегі буллинг себептері және алдын – алу жұмыстары, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын – алу, балаларды сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу  тақырыптарында дәріс оқыды.

 Ерік Сихымбаев өз баяндамасында, 16 жастан соң әр тұлға жасаған қылмысы үшін өзі әкімшілік жауапқа тартылатынын, қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаныңыз үшін ҚР ӘҚБК-нің 434-бабының 1-тармақшасы бойынша қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, жеке тұлғаларға қорлап тиіскеніңіз үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімде әкімшілік қамаққа алынуыңыз мүмкін. Кәмелет толмағандар үшін сот төрелігінің мақсаты – баланы қоғамнан айыру емес оның жеке басының одан әрі қылмыс құрығында болуына жол берместен әлеуметтік оңалуына жәрдемдесу. Сонымен қатар, оларға байланысты қылмыстық жазалау жағдайларын қолдануды азайту екенін айтып өтті.  

Дәрісте жоғары сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар мен оларға тағайындалатын жазалар туралы  сұрақтар белсенді талқыланып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.

Жиын соңында оқушылар кездесудің пайдалы әрі маңызды болғанын айтып, болашақта осындай іс-шаралардың көбірек өткізіліп тұруына мүдделі екендіктерін  білдірді.

 

 

 

 

Қайнар: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі