Архив событий

25/07/2022

Электр қуатының жосықсыз тұтынушысы жауапкершілікке тартылды

25/07/2022

Электр қуатын беруді және бөлуді жүзеге асыратын компания ЖШС-ға (электр қуатын тұтынушыға) тиесілі коммерциялық есепке алу құралына тексеру жүргізген. Тексеру барысында бұзушылықтар анықталып, тексеру актісі жасалған және 26 732 892 теңге сомасына есепке алынбаған электр қуатын қайта есептеу жүзеге асырылған.

Электр қуатын тұтынушы компанияға актіні және электр қуатын қайта есептеуді жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінді.