Сот кабинеті арқылы онлайн іспен танысу
Бәрімізге белгілі болғандай Сот кабинетінде жаңа нұсқа «Танысу» (іс материалдарымен онлайн режимінде танысуға мүмкіндік береді) модулі іске асырылды.
Іспен танысу үшін:
«Танысу» модуліне өтесіз, іздеу жолағы шығады, іс нөмірін енгізесіз, содан кейін «Материалдарды табу» батырмасына өтесіз.
Назар аударыңыз! Сұрау алған пайдаланушы «Төрелік» бағдарламасында іс бойынша тарап ретінде тіркелуі тиіс, пайдаланушы сот отырысының қатысушысы болмаған жағдайда жүйе тұлғаның іске қатысушы болып табылмайтыны туралы тиісті ақпаратты береді.