Пара алғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушылар С. және Т.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тағылған айып:

С. ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен /парақорлыққа бірнеше рет делдал болу, яғни пара берушiге және пара алушыға олардың арасындағы пара алу және беру туралы келісімге қол жеткiзуге және оны iске асыруға ықпал ету/;

Т. ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен /құқық қорғау органының қызметкерінің өзінің қызметтік өкілеттігіне кіретін пара берушінің пайдасына жасаған әрекеті үшін делдал арқылы бірнеше рет айтарлықтай мөлшерде пара алу/ айыпталған.

Істі қарау нәтижесімен анықталғаны:

Сотталушы С.-тің бірнеше рет делдал болуы нәтижесінде Шымкент ҚПД көші-қон Басқармасының бастығы сотталушы Т. пара беруші А.-дан 3000 АҚШ долларын Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін және пара беруші З.-ден 5000 АҚШ долларын Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген түрмен қабылдау үшін алған.

Сотталушылардың кінәсі дәлелденеді

Сотталушылардың тағылған айыптар бойынша кінәсі, іс бойынша жинақталған дәлелдермен бекітіледі.

Тараптардың ұстанымы

Мемлекеттік айыптаушы сотталушы С.-ға айыппұл жазасының төменгі мөлшерін, Т.-ға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

С. айыптау бойынша кінәсын мойындап, өзін жазадан босатуды, Т. кінәсын мойындамай, өзін ақтауды сұрады.

Жаза бөлігінде

Жаза тағайындау барысында сот сотталушы С.-тың қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіруін, асырауында жасөспірім 1 баласы болуын, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға ықпал етуін таниды, ауырлататын мән-жай анықталмаған.

Сот сотталушы Т.-ның қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде асырауында жасөспірім 1 баласы болуын таниды, ауырлататын мән-жай анықталмаған.

С. ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 55-бабының 6-бөлігін қолданумен параның 2 еселенген мөлшерінде 7 137 140 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Т. ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Т. полиция полковнигі шенінен айырылды.

Сотталғандарға мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

 

 

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі