Сот Шымкент кардиоорталығының «Мерусар и К» ЖШС-не қатысты талап арызын қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2019 жылдың 15 қаңтарында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданарылық экономикалық соты талап қоюшы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық кардиологиялық орталық» МҚК-ның жауапкер «Мерусар и К» ЖШС-не қатысты мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану, тұрақсыздық төлемін өндіру туралы арызы бойынша шешім шығарды. 

Медициналық мекеменің басшылығы сотқа талап арыз беріп, онда компанияны сапасыз тауар жеткізгендігі үшін айыптаған. Ондай тауарлардың арасында жедел шунттау жиынтығы, R35 кескіндеріне арналған мөлдір қорғаныш жабыны бар.

Тараптар арасында түзілген келісім шарт бойынша жеткізуші тауарлар жиынтығын әр түрлі мерзімдерде жеткізуге міндеттелген. Бірінші тауар топтамасын жеткізген соң, тауар техникалық сипаттамасына сай болмай шыққаны анықталып, тапсырыс беруші тауарды қабылдамаған. Жеткізуші кемшіліктерді мойындап, тауарды ауыстыруға уәде берген, алайда тауарды ауыстырмаған. 2 апта өткеннен кейін талапкер тауарлардың басқа жиынтығын жеткізуге қосымша сұраным жасаған. 2 апта өткеннен кейін тауарды жеткізгенде тағы да кемшіліктер табылған. Жеткізуші талап қоюшының наразылығын теріске шығармаған. Сонымен қатар, жеткізуші тауардың сапасын куәландыратын құжаттарын ұсынбаған.

Жауапкер іс бойынша мән-жайларды теріске шығаратын және келісімшартта көрсетілген міндеттемелерін тиісінше орындағанын растайтын дәлелдемелерді ұсынбағандықтан, шарттың талаптарын елеулі түрде бұзған болып табылады.

Сот шешіміне сәйкес, «Мерусар и К» ЖШС-ы мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылып, тұрақсыздық төлемі мен мемлекеттік баж салығы өндірілген. 

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі