Жалпы конкурс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің филиалдары бойынша:

1. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы (С-R-4 санаты – 1 бірлік);

2. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты әкімшісінің бас маман-сот отырысының хатшысы (негізгі қызметкердің балаға күтім жасау демалысы кезеңіне 05.06.2025 жылға дейін, С-R-4 санаты – 1 бірлік);

3. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі  ауданаралық соты әкімшісінің бас маманы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңі, 14.08.2024 жылға дейін, С-R-4 санаты – 1 бірлік);

4.  Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты әкімшісінің жетекші маманы (негізгі қызметшінің балаға күтім жасау демалысы кезеңіне 31.05.2026 жылға дейін, С-R-5 санаты – 1 бірлік);

5. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшісінің сот приставы (С-R-5 санаты – 1 бірлік);

6. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты әкімшісінің сот приставы (С-R-5 санаты – 1 бірлік);

7. Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің сот приставы (С-R-5 санаты – 1 бірлік).

Құжаттар Шымкент қаласы Түркістан көшесі, № 87 мекен-жайы бойынша қабылданады. (индекс №160011)

Анықтама үшін телефон: (8 7252) 99-75-43 ішкі (0201, 0202) электронды пошта: 730-0203@sud.kz.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08.04.2024-16.04.2024 ж.ж.

 

Толығрақ: https://shymkent.sud.kz/kaz/content/bos-oryndar-7

 

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі