2020 жылдың 1 қазанында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында Б.С.Жанибековке қатысты қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс сотқа Қылмыстық кодексінің 304-бабы 3-бөлігімен, яғни абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан санитарлық қағидаттарды бұзу бабымен берілген.
Сот отырысы ашық түрде сотталушы мен оның қорғаушысының және жәбірленушілердің қатысуымен өтті.
Сотта анықталғаны:
Б.Жанибеков өзінің арнайы рұқсат беретін құжатының болмауына қарамастан, Шымкент қаласының екі көпқабатты үйіне тұрғын жайларға қолдануға арналмаған химиялық заттарды қолдана отырып, зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде бес азамат химиялық заттармен уланған, үш жасөспірім бала қайтыс болған.
Тараптардың позициясы:
Жәбірленушілердің бір бөлігі сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраса, екінші бөлігі бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Қорғаушылар – айыпты жеңіл дәрежедегі бапқа қайта саралап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот шешімі:
Жанибековтің кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен толық көлемде өз дәлелін табуына байланысты, сот айыптау үкімін қабылдады.
Үш жасөспірім баланың қаза болғанын, сотталушы кінәсін мойындамағанын, өз әрекетіне өкінбегенін, жәбірленушілердің пікірлерін ескере отырып, сот тек бас бостандығынан айыру жасазын әділ деп санады.
Аталған баптың санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Заң байынша, жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жайлар болмай, жеңілдететін мән-жайлар болатын болса, жаза мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс (10 жылдың ½ бөлігі).
Сотқа дейінгі тергеп тексеру органдарымен айыптау актісінде жауаптылық пен жазасын ауырлататын мән-жайларды көрсетпеген. Сот өз бастамасымен оларды тануға құқылы емес.
Жанибековтің жасөспірім балалары бар болғандықтан, сот бұл мән-жайды жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
Сондықтан Жанибековке 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 3 жыл мерзімге дезинфекция саласындағы жұмыстармен айналасу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптар толық көлемде қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.