М.-ға қатысты баспасөз хабарламасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2022 жылы 20 шілде күні Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында М-ға қатысты ҚК-нің 272-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қаралды.

Іс ашық сот отырысында, прокурордың, сотталушының және оның адвокатының қатысуымен ашық түрде өткізілді.

Сотта істі қарау барысында келесі мән-жайлар анықталды

Сотталушы  2022 жылдың қаңтар айының басында Шымкент қаласының аумағында орын алған күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздікке азаматтарды қатысуға шақырған.

Сотталушылардың кінәсі дәлелденеді

Сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен жинақталған дәлелдемелермен расталды.

Тараптардың позициясы

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Қорғаушы жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Жазаға қатысты

ҚК-нiң 53-бабында көрсетiлгендей, сотталушыға жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау кезінде сот, оның шын ниетпен өкінгенін, кінәсін толық мойындағанын жатқызады.

ҚК-нiң 54-бабында көрсетiлген, сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай анықталмады.

Сот үкімі бойынша

Сотталушы М.-ға 272-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: 
Әл-Фараби аудандық сотының баспасөз қызметі