А. С.-ға қатысты баспасөз хабарламасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 2023 жылы 26 қаңтар күні Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен (мемлекеттік функцияларды орындауға  уәкілеттік берілген адам бола тұра алаяқтық жасаған) А. С.-ға  қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс ашық сот отырысында, жалпы тәртіппен, жәбірленушінің, прокурордың, сотталушының және оның адвокатының қатысуларымен қаралды.

Істі қарау барысында сотпен келесі мән-жайлар анықталды

Сотталушы А.С. Шымкент қаласы Абай аудандық соты кеңсесінің жетекші маманы болып, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып, 2021 жылдың қаңтар-шілде айларының аралығында, жәбірленуші А.-ның сеніміне кіріп, ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен айыпталушы, інісі Қ.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша оңды шешім шығарып бергіземін деп, жәбірленуші А.-ның 2 600 000 теңге ақша қаражатын алдау жолымен жымқырып, өз қажеттілігіне жаратқан.

Сотталушылардың кінәсі дәлелденеді

Сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің жауаптарымен, жасырын тергеу іс-қимылдарымен, аудио-бейне жазбалармен және сот сараптамалардың қорытындыларымен тағы басқа да іс материалдарымен дәлелденді.

Тараптардың позициясы

Прокурор жаза ретінде 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қорғау тарапы ақтауды сұрады.

Сот үкімі бойынша

Сот үкімімен А. С. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырып және  мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы  тағайындалды.             Жәбірленуші А.-ның талап арызы қанағаттандырылып, сотталушы А. С.-дан қылмыс салдарынан келтірілген материалдық залал өндірілді.

Сот жаза тағайындау барысында ауырлататын мән-жайларға, сотталушының өзi берген кәсіби антын бұзғанын, ал жеңілдететін мән-жайларға оның қамқорлығында кәмелет жасқа толмаған 3 баласы барын ескерді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Әл-Фараби аудандық сотының баспасөз қызметі