Сот Т.Тулешовтың «Дархан Group» ЖШС-не талап арызын қанағаттандырудан бас тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2020 жылдың 19 мамырында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Дархан Group» ЖШС-нің қатысушысы Тоқтар Тулешовтың «Дархан Group» ЖШС-не жалпы жиналыстың шешімдерін жарамсыз деп тану туралы талап арызы бойынша шешім шығарды.

Т.Тулешов сотқа талап арыз беріп, онда серіктестікті 2016 және 2017 жылдары одан жасырын түрде жалпы отырыстарды өткізгені үшін айыптаған. Отырыстарда «Дархан Group» ЖШС-і «Шымкентский пивоваренный завод» ЖШС-не 256 224 612 теңге көлемінде қарыз сомасын кешірген, оған қоса Шымкент қаласындағы балабақша және Сарыагаш қаласындағы құрылыстарымен бірге жер учаскесі,  яғни екі мүлік иесіздендірілген.

Істің мән-жайы бойынша, 2016 жылы Т.Тулешов оның атынан өзінің бизнес серіктестігіне сенімхат бергені анықталған. Ол іс бойынша үшінші тұлға болып қатысқан.

Одан бөлек, сот «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңына сәйкес, талап қоюшы жалпы отырыстың шешіміне алты ай ішінде шағым жасау мерзімін өткізіп алғандығын анықтаған.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Пресс-служба суда города Шымкента