М.Мырзабаев және Р.Рахметовтің ісі бойынша баспасөз хабарламасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мырзабаевқа және Рахметовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

            Сот талқылауы сотталушылардың, олардың мүддесін қорғаушы адвокаттардың, прокурордың және жәбірленушілердің қатысуларымен, ашық режимде бейнебайланыс жүйесін қолдану арқылы өткізілді.

Мырзабаев сотқа мына баптар бойынша берілген:  

-ҚК-нің 28-бабының 3- бөлігі - 287- бабының 4-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сақтауды ұйымдастыру);

-ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 6, 7, 9-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бұзақылық ниетпен және басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіруді ұйымдастыру);

- ҚК-нің 28 - бабының 3-бөлігі,  24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 1,6,7, 9-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бұзақылық ниетпен және басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен екі немесе одан көп адамды өлтіруге оқталуды ұйымдастыру);

Рахметов сотқа мына баптар бойынша берілген:  

-    ҚК-нің 287-бабының 4-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сақтау);

  • ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 6, 7, 9-тармақтары (адамдар тобының алдын

ала сөз байласуы бойынша, бұзақылық ниетпен және басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру);

  • ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабының 2-бөлігінің 1, 6, 7, 9-тармақтары

(адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бұзақылық ниетпен және басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен екі немесе одан көп адамды өлтіруге оқталу);

-   ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы (қару қолдану арқылы бұзақылық  жасау);

            Көрсетілген баптарға заңда қандай әрекеттер жатқызылған ?       

            Адам өлтіру - ол басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру. Адам өлтіруге оқталу - ол құқыққа қарсы адам өлтіруге бағытталған іс-әрекеттер, бірақ оны өзіне қатысты емес мән-жайларға байланысты соңына дейін жеткізе алмау. Бұзақылық - ол қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен ұштасқан әрекеттері.

Сотта анықталғаны:

2019 жылдың 29 қазан күні сағат 17.30 шамасында, Мырзабаев Шымкент қаласының, Арғынбеков көшесіндегі «Сүндет» кафесінде, Рахметов және «басқа тұлғалармен» алдын ала сөз байласып, Бакировпен араларындағы араздыққа байланысты, сыбайластарына жәбірленушілерге бағыттап атыс қаруларынан оқ ату туралы нұсқау берген. Нәтижеде, оқ қарудан алған дене жарақаттары салдарынан жәбірленуші Бакиров оқиға орнында қаза болған, оның таныстары Барпиев және Джолшибеков ауыр, ал Жетписбаев орта дәрежелі дене жарақаттарын алған. Осы жаппай атыстың салдарынан Мырзабаев пен Рахметов те ауыр дәрежелі оқ қару жарақаттарын алған.

Сот, Мырзабаев пен Рахметовтің іс-әрекеттерін ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінен, 99-бабының 2-бөлігінің 1, 6, 7, 9 тамақтарынан, яғни адам өлтіруге оқталудан, ҚК-нің 106-бабының 2-бөлігінің 1, 5- тармақтарына, 107-бабының 2-бөлігінің 4-тармағына ауыстырып қайта саралады, яғни денсаулыққа ауыр және орта дәрежедегі зиян келтіру.

Бұзақылық саралау белгісі бойынша Рахметов, оның әрекеттерінде бұл қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмағандықтан, ақталды.

Сот үкімімен Мырзабаев ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі -  99-бабының 2-бөлігінің 6, 7-тармақтарында; 28-бабының 3-бөлігі - 106-бабының 2-бөлігінің 1, 5-тармақтарында, 28-бабының 3-бөлігі - 107-бабының 2-бөлігінің 4-тармағында, 28-бабының 3-бөлігі- 287-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілерімен кінәлі деп танылды.

Тиісінше, Рахметов ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 6, 7-тармақтарында; 106-бабының 2-бөлігінің 1, 5-тармақтарында, 107-бабының 2-бөлігінің 4-тармағында, 287-бабының 4-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілерімен кінәлі деп танылды.

Сот тұжырымы немен қуатталады:

  • жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен,
  • жасырын тергеу әрекеттерімен,
  • сот сараптамаларының тұжырымдарымен және басқа деректермен.

Жаза бойынша:

            Прокурор Мырзабаев пен Рахметовтің әрқайсысына 18 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі Ж.Бакирова прокурордың ұстанымымен толық келісті, қалған жәбірленушілер Мырзабаевқа және Рахметовке ешқандай талаптарының жоқ екендігін мәлімдеді. Сотталушылар, олардың мүддесін қорғаушы адвокаттар іс бойынша ақтау үкімін шығаруды сұрады.

            Сот, сотталушылардың аса ауыр қылмыс жасағандығын кінәларын мойындамағандарын, оған өкініш білдірмегендерін, жәбірленуші Бакированың оларды кешірмегенін ескеріп, Мырзабаевқа түпкілікті 18 жыл, Рахметовке 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы үкім етті. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді. Сонымен бірге, Рахметовтен жәбірленуші Бакированың пайдасына 250.000 теңге материалдық залал және 5 млн.теңге моральдық зиян өндірілді.

Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жол берілген процестік заңнаманың бұзылуына байланысты тергеушілер мен процесс прокурорына қатысты жеке қаулылар шығарылды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі