Архив событий

10/11/2020

Тараптар баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтауда бітімгершілікке келді

10/11/2020

Азаматша Т.А., азамат С.С.-ға  кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен жайын анықтау туралы талап қойып, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінді.

Сот отырысында тараптарға дауды бітімгершілікпен, медиация  тәртібімен шешу құқығы түсіндірілді. Нәтижесінде тараптар сотқа бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтініш ұсынды. Оның шарттары бойынша баланың тұрғылықты мекен-жай белгіленді, ал талап қоюшы қойған талабынан бас тартты.