Архив событий

27/11/2020

Абай аудандық сотында Медиация - келіспеушіліктерді реттеудің тиімді тәсілі!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

27/11/2020
2020 жылдың 26 қарашасында Шымкент қалалық Сотының бастамасымен, «Халықаралық медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы, жаттықтырушы, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі Академиясының оқытушысы - Тулекеев Қайрат Дәркебайұлының қатысуымен, санитарлық талаптарды сақтай отырып, «Медиация - келіспеушіліктерді реттеудің тиімді тәсілі!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласының барлық судья-татуластырушылары қатысты.

Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

27/11/2020
Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында талап қоюшы "ЖШС"-нің жауапкерлер М. Ш. және Б. Ж.-тен қарыз ақшаны өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.
Талап қою арызына сәйкес, талап қоюшы жауапкерлерден 9 747 092 теңге қарыз сомасын және 283 896 теңге мемлекеттік баж салығын өндіруді сұраған.