Архив событий

16/11/2020

Алғыс хат

16/11/2020

Шымкент қалалық сотының төрағасы Е.Рахымбековтің атына  қала тұрғыны Е.Абдрахмановтан қалалық соттың судьясы Г.Қыдырбаеваға Алғыс хат түсті.

Е.Абдрахманов хатында, біздің еліміздің сот саласында, дауларды шешуге объективті көзқарасы бар, өз ісіне адал әрі әділ Гүлмира Дұрысбекқызы Қыдырбаева сияқты адамдардың жұмыс істеуі, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосады деп санап, алғысын айтқан!

Сонымен қатар, сот саласында өз міндеттеріңізді халық алдында адал атқарып жүрген барлық ұжым қызметкерлерінің жұмыстарына табыс тілеп, ізгі тілегін жеткізген!